Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл жаз ыстық болады – синоптиктер

"Қазгидромет" РМК, Қазақстандағы ауа райы, жаз мезгілі, жаздағы ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 11:23 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстанда жазда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Консультативті болжамға сәйкес 2023 жылы жазда республиканың басым бөлігінде температуралық фон нормадан жоғары, тек солтүстік аймақтарда норма шамасында болады.

"Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында фронтальды бөліктердің өтуімен және Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасы күндіз +30+38°С-ден +15+20°С-ге дейін ауытқуы мүмкін, ал еліміздің оңтүстік-батыс жартысында жекелеген күндері термометр бағаны +40+45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады", – делінген "Қазгидромет" РМК ұсынған ақпаратта.

Маусым республиканың басым бөлігінде ыстық болады деп болжанды, орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың басым бөлігінде +18+23°С, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында +24+28°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +7+17°С).

Шілдеде республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында, Казақстанның оңтүстік аймақтарында нормадан 1° жоғары күтіледі (норма: республиканың басым бөлігінде +18+24°С, еліміздің оңтүстік жартысында +25+30°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +9+17°С).

Жаздың соңғы айы – тамыз еліміздің басым бөлігінде ыстық болады деп болжанды, орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, тек республиканың солтүстік-батыс жартысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың басым бөлігінде +20+28°С, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында +16+19°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +11+15°С).

"Жауын-шашынға келетін болсақ, жалпы республиканың басым аймақтарында жазда жауын-шашынның жетіспеушілігі байқалады. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында күтіледі"."Қазгдромет" РМК

Жауын-шашын:

  • маусым айында – солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында (норма: республиканың басым аймағында 25-49 мм, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында 1,7-24 мм, солтүстіктің жекелеген аймақтарында және республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында 51-155 мм);
  • шілде айында – республиканың солтүстік-батыс бөлігінде (норма: республиканың басым аймағында 25-49 мм, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында 1,4-24 мм, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыстың жекелеген аймақтарында және республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында 50-84 мм);
  • тамыз айында – Казақстанның солүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аудандарында (норма: республиканың басым аймағында 1-24 мм, еліміздің солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығысында 25-49 мм, республиканың солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысының жекелеген аймақтарында 50-63 мм).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: