Ұлытау облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 22:03 Сурет: polisia.kz
Ұлытау облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды, ол әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды "шешіп беремін" деп ақша алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Сәтбаев қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды шешіп беремін деп 65 мың теңге алған алаяқтық әрекет туралы арыз түсті.

Бұдан кейін Сәтбаев тұрғындарынан осыған ұқсас жағдайлар бойынша арыздар түсе бастаған.

Полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетпен айналысқан 29 жастағы әйелді  ұстады.

Күдікті әлеуметтік желі арқылы екінші деңгейлі банктерде бұғатталған есепшоттарды шешіп беремін деген желеумен жарнама жасап, бұл ақпаратқа сенген қала тұрғындарынан ақша алып отырған.

29 жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 9 млн теңгеден асты. Күдікті қылмысын мойындады, іс сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: