Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Заң бұзған екі адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 14:24 Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Шу ауданынынң тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері бір сәтте 5 күдіктіні құрықтаған.

Тінту барысында 100 келіден асатын есірткінің ірі партиясын анықтаған. Сондай-ақ АК-СУ автоматы мен 30-дан аса түрлі оқ тәркіледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен және ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Нұржан Рахметуллаев, Облыстық ПД бастығының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: