Семейдегі түрмеге телефонды шырын пакетіне жасырып өткізбек болған

Семейде қатаң режимдегі колонияға DA-DA шырын пакетінің ішіне аса шеберлікпен жасырылып тығылған Samsung ұялы телефоны мен оған арналған қуаттандырғыш құралды мекеме аумағына кіргізбекші болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тыйым салынған затты Ерланов тегіндегі азамат (тегі өзгертілген) есірткі таратқаны үшін 4 жылдық жазасын өтеп жатқан сотталған досына туған күнінде қысқа мерзімді кездесуге алып келген.
Досына сыйлық жасамақ болған азаматты ендігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы ("Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру") бойынша әкімшілік жаза күтіп тұр.
2023 жылдың басынан Абай облысы ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерге жеткізу кезінде мекеме қызметкерлерімен барлығы 34 215 литр алкогольдік сусын, 2243,46 грамм есірткі заттары, 23 бірлік ұялы телефон тәркіленген.
"Сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізудің негізгі жері - кездесу бөлмелері мен сәлемдемелер. Колонияға келген әрбір азамат келу ережелерімен жазбаша түрде танысады және осы ережелерді сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі, бірақ көріп отырғанымыздай, бұл тыйылмай тұр".№19 мекеме бастығының орынбасары Нұржан Шидебаев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript