Мұрат Жөребеков «Ұлттық мұра» қатысушыларын құттықтады

Шеберлік сағатына қала әкімі де қатысты. Мұрат Жөребеков «Ұлттық мұра» іс-шарасына қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Диірмен жұп тастан жасалады. Оны қазақ халқы ежелден тары, бидай ұнтақтау үшін қолданған.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Көптеген жас ақтөбеліктер шеберлік сағатын зор қызығушылықпен тамашалады. Қол диірменді өздері тартып, талқан дайындағандар да болды.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, сахнада концерттік бағдарлама және жергілікті дизайнерлердің ұлттық костюмдерінің сән көрсетілімі өтті. Шатырларда қолданбалы өнер туындыларының жәрмеңке-сатылымы ұйымдастырылды.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі