Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте аптап ыстық болады деп болжады

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 16:03 Сурет: unsplash
Синоптиктер 30 мамыр мен 1 маусым аралығындағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

30 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15°C, күндіз 29-31°C ыстық.

31 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15°C, күндіз 29-31°C ыстық.

1 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16°C , күндіз 30-32°C ыстық.

Алматы

29 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12°C , күндіз 25-27°C ыстық.

30 мамыр – 1 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13°C, күндіз 25-27°C ыстық.

Шымкент

29 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18°C, күндіз 31-33°C ыстық.

30 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің кұші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18°C, күндіз 32-34°C ыстық.

1 маусым – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19°C , күндіз 33-35°C ыстық.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: