Елордалық колонияға есірткі өткізу әрекетінің жолы кесілді

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 16:42 Сурет: ҚР ІІМ
Астанаға қарасты №2 мекеме қызметкерлері есірткі құралдарының ену арналарын жабу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Алдын ала жедел ақпарат бойынша жедел тәртіп қызметтерінің қызметкерлері 9 атқыштар ротасының 6505 әскери қызметшілерімен бірлесіп, А. есімді сотталғанның атына жолданған сәлемдемені тексеру кезінде салмағы шамамен 1,5 келі болатын құрамында темекісі бар көк түсті полиэтилен пакеті табылды.

Оның ішінде сұр-жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат болды.

Аталған дерекке қатысты Аршалы ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Бұл зат сот-химиялық сараптамаға жіберілді


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: