Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды

қоныс Сурет: видео скрині
Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды, олардың әрқайсына үй сатып алуға 4 млн теңге көлемінде сертификаты табысталады, деп хабарлайды Zakon.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жыл басынан бері оңтүстіктен солтүстікке 260 отбасы табан тіреді. Биылдан бастап "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу мақсатында 4 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады.

Бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады.

Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүстік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе, білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.

Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы солтүстік пен шығыс өңірлерге  8 600 адам көшірілмек.

Оның 2 800-і Солтүстік Қазақстан облысына көшеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз