Аптап ыстық, дауыл, бұршақ: 13 маусымдағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде фронтальды учаскелердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
"Қазақстанның оңтүстік-батысында, қиыр шығысында және оңтүстігінде синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжады", – деп хабарлады синоптиктер.
Республикада желдің күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталықта шаңды дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырауда, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +23+25°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күннің соңында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 3-8, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.