Қостанайда тұрғыннан 6 млн теңге бопсалаған күдіктілер қолға түсті

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 16:39 Сурет: ҚР ІІМ
Қостанайда тұрғыннан 6 млн теңге көлемінде ақша талап еткен 18 бен 20 жас аралығындағы бопсалаушылар қолға түсті.

Бопсалаушылар 21 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты елеусіз сылтауды пайдалана отырып, одан 6 млн теңге көлемінде ақша қаражатын талап еткен.

"Күдіктілер жәбірленушіні жалдамалы пәтерде ұстады, сондай-ақ оны қала сыртына шығарып, ұрып-соғып, денсаулығына қауіп төндірді", – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Заңсыз әрекеттер барысында бопсалаушылар 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемдене алды, дегенмен жәбірленушіге қатысты жеңіл пайда табу әрекеттері мұнымен аяқталған жоқ және олар одан ақша талап етуді жалғастырды.

Жәбірленуші полицияға арыз берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы, 3-бөлігі және 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта топтың екі мүшесі қамауға алынды, үшіншісі үй қамауында.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: