Фараби Давлетчин UFC Fight Night Emmett vs Topuria шайқасына болжам жасады

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 17:40 Сурет: parimatch.kz
24 маусымда Джексонвиллде UFC Fight Night өтеді, оның басты жекпе-жегі тәжірибелі Джош Эмметт пен жеңіліс көрмеген Илья Топурия.

Жекпе-жек қызықты болады деп уәде етеді: спортшылардың жұртты тамсандыратын әр түрлі және өте әсерлі стильдері бар. Таэквондодан бұрынғы әлем чемпионы және Parimatch сарапшысы Фараби Давлетчин, жекпе-жекке қатысты өз болжамымен бөлісті.

Илия Топурия (13-0)

Тегі грузин болып келетін испандық спортшы грэпплингтегі негізгі мықты дағдыларына ие: Илья бала кезінен грек-рим күресімен айналысып, оған қоса бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу алған. UFC-ге дейінгі мансабынан Cage Warriors-тегі жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жекті атап өткен жөн: Топурия Брайан Болландты тұншықтыру әдісімен жеңді, бірақ сәтсіз салмақ жарысына байланысты белбеуге ие бола алмады.

UFC-дегі алғашқы шайқасы 2020 жылы өтті. Сол кезден бастап "Эль Матадор" 5 жекпе-жекте қарсыластарын жайпап өтіп, жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жекте грузин Брайс Митчеллді қолын үшбұрыш етіп ұстау әдісімен, тұншықтырып жеңді.

Топурия партерде әсіресе қауіпті, алайда тұрыста да ол керемет бокс техникасының арқасында қиындықтар тудыруы мүмкін. Менің ойымша, ол қазіргі уақытта, бәрін жоғары деңгейде көрсетіп келеді, тұрыстағы да , күрестегі де жұмысы өте мықты. Илия соққы әдісінде де жақсы жұмыс істейтінін көруге болады, мен оның күресі туралы айтпасам да белгілі, өйткені бұл оның негізгі әдісі. Бұл жауынгердің барлық дағдылары жоғары деңгейде болатын жағдайлардың бірі деп айтуға болады.

Джош Эмметт (18-3)

1985 жылы Фениксте дүниеге келген. 14 жасынан бастап еркін күреспен айналысып, жарыстарда өнер көрсете бастады. Ол сондай-ақ бразилиялық джиу-джитсудан күлгін белбеу алып, аяқтағы көк белбеу бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткен. 2011 жылы Джош ММА-ға ауысып, West Coast fighting промоутерінде сәтті өнер көрсетті, онда ол жеңіл салмақтағы чемпион атанды.

Эмметтің UFC-дегі алғашқы шайқасы 2016 жылы өткен, содан бері 9 жеңісті қанжығасына байлап, 3 жеңіліске ұшырады. Оның жеңістер қоржынында Рикардо Ламас, Майкл Джонсон және Мирсад Бектичті нокаутпен жеңген жеңістері бар, оған қоса Келвин Каттарды төрешілер шешімімен жеңген. Оның соңғы жекпе-жегі , өкінішке орай, Яир Родригес тұншықтыру әдісі қолданылып, жеңіліспен аяқталды.

Өзінің жасына қарамастан, Эмметт жекпе-жекте шапшаң қозғалып, қашықтықты сезе алады, бұл өте маңызды болып табылады. Джош ұзақ уақытқа созылған шайқастарда өзінің күшін есептей алып, кез-келген уақытта атылып, нағыз күш көрсете алады. Бірақ американдықтың басты ерекшелігі - оның қарсыласын бірден құлата алатын нокаут соққысы. Бір сөзбен айтқанда, спорт ардагері әлі де оңайшылықпен беріле салатын емес, керісінше жекпе-жек барысын барынша бақылауында ұстай алады.

Болжам

Илия Топурия Джоштан 5 см биіктеу және барлық жағынан "жоғары" деп айтуға болады. Батыл, қорықпайтын, мықты тейкдаудар жасай алатын грузин. Әрине, жас айырмашылығы, спорт ардагері Джошты жеңуге мүмкіндік береді. Джоштың Илияға қарағанда тәжірибесі көп және қолымен сенімді жұмыс істейтіні даусыз, бірақ оның қуаты бірінші раундқа ғана жеткілікті, содан кейінгі жұмысы баяу және ұзаққа созылады. Менің ойымша, партерде Джоштың мүмкіндігі мүлдем жоқ, өйткені Илия "соңғы қабатта" қалағанын жасайды. Бір сөзбен айтқанда, Джошқа Илияның күшті күресі пен БЖЖ қарсы төтеп беруі қиын болады. Сондықтан Илияның 25 минут ішінде мерзімінен бұрын жеңіске жету мүмкіндігі көп болады.

Менің болжамым: жеңіс пайызымен алатын болсақ, 75%-Илия Топурияда, 25% - Джош Эмметте.

Ал шын мәнінде қалай болады, оны біз жақын арада, осы сенбіде, яғни 24 маусымда көреміз! Жауынгерлерге сәттілік тілеймін және жекпе-жекті үлкен қызығушылықпен ташалайтын боламын!

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Джош Эммет - 4.20, Илия Топурия - 1.25

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: