Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжірибе мен жастықтың кездесуі. Фараби Давлетчин Азат Мақсұмның UFC-дегі алғаш басқан қадамына болжам жасады

Жекпе-жек, Азат Мақсұм, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 16:42 Сурет: Parimatch
16 шілдеде Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night қазақстандық жаңа ММА жұлдызына жол ашпақ. Жеңіліс көрмеген Азат Максум Октагондағы алғаш қадамын жасамақ(орны ауыстырылған жөн), ол тәжірибесі мол Тайсон Нэммен жекпе-жекке шығады.

Жекпе-жек шебері және Parimatch амбассадоры Фараби Давлетчин осы шайқасқа қатысты өз болжамымен бөлісті.

Азат Мақсұм (16-0)

Жас спортшы Алматы облысының Бақанас ауылының тумасы, бірақ 5 жасында отбасымен Алматыға көшіп келген. Бала кезінен күреспен айналысып, спорт шебері атағына қол жеткізген. Сонымен қатар жекпе-жек бойынша спорт шебері атағына ие және джиу-джитсудан спорт шеберіне үміткер болып табылады. ММА-да алғаш жекпе-жегін 2017 жылы өткізген және содан бері 16 жекпе-жекті өткізді, олардың бәрінде жеңімпаз атанды. Octagon, Brave CF және Naiza сияқты промоушндарда өз өнерін көрсеткен болатын. Соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Фабрисиу Нуньесті қылқындыру тәсілімен жеңген еді, сол жеңіс UFC-мен келісімшартқа отыруға себепкер болды.

Азатта еркін күрес және жекпе-жек базасының бар болуына, джиу-джитсумен айналысуына байланысты, ол партерде барынша қауіпті. Бір кезде ол өз жаттығу лагерін әлемдегі ең мықты күрес мектептерінің отаны - Дағыстанда өткізген. Қаруы тек партер ғана емес: Мақсұм қолмен мықты соққылар жасауы мен қарсыласының қашықтығын жақсы сезе алуының арқасында тұрыстағы шайқаста да керемет өнер көрсете алады.

Тайсон Нэм (21-13)

1983 жылы Оаху аралында (Гавайи) дүниеге келген. Бала кезінен дзюдомен айналысқан, ал колледжде оған бокс пен кикбоксинг қосылды. ММА-дағы дебюті 2006 жылы өтті, UFC-ге дейін Elite XC, KoTC, Bellator және WSOF (қазіргі PFL) сияқты ұйымдардың жауынгері болған. Әлемнің бас ММА лигасындағы алғаш шайқасын 2019 жылы өткізіп, сол жылы 3 рет жеңіске жетті және 4 рет жеңіліс тапты. Гавайлық спортшы өз мансабында 34 жекпе-жек өткізген: 21 жекпе-жегін жеңді, 13-де жеңілді.

Нэм – тұрыстағы керемет техникасы және ауыр соққысы бар аса тәжірибелі жауынгер. Сонымен қатар төзімді спортшы: Тайсон 13 жеңілістің ішінде тек 3 рет ғана мерзімінен бұрын жеңілген. Гавайлық партерде де өнер көрсетуі жаман емес: ол 34 жекпе-жектің тек 1-уінде ғана қылқындыру тәсіліне түсіп қалды: ағымдағы жылдың наурызында оны Бруно Сильва гильотина арқылы жеңген болатын.

Жекпе-жекке болжам

Осы жекпе-жекте Давлетчин өз даусын Нэмге бермек, бірақ біздің отандасымызда да жеңуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті;

"Бұл шайқаста тәжірибелі жауынгер мен қызу қанды жас спортшы кездеспек. Тайсон Нэм қазақстандық жанкүйерлерге Жалғас Жұмағұловпен өткізген жекпе-жегімен танымал. Сол кезде біздің спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Әрине гавайлық жауынгер тәжірибесімен және жойқын соққыларымен басымдырақ болып келеді, алайда, оның күресінде кемшіліктер жетерлік. Біздің отандасымыз жарқын ерте жеңіспен дебют жасау үшін осы жағдайды пайдалана алса, керемет болар еді. Алайда, Азат тұрыста жұмыс істеуде барынша мұқият болуы керек, өйткені Тайсон Нэмның тәжірибесі көп. Менің болжамым: 60%, Тайсон Нэм жеңісі, 40% – Азат Мақсұм жеңісі", - деп қорытындылады сарапшы.

Parimatch жекпе-жекке келесі коэффициенттерді ұсынады:

Тайсон Нэмнің жеңісіне – 4.00, Азам Мақсұмға – 1.22

Азаттың дебютін қолда және Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялардан ләззат ал! Жаңа ойыншылар үшін кепілдендірілген бонус – бірінші толықтыруға 300%. Бонусты ал да игілігіңе жұмса!


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: