Сенбі күні елімізде ауа райы қандай болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, бұршақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 15:10 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК жариялаған мәлімет бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде күн ашық болады.

"Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, батыста, оңтүстік-шығыста, шығыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады, шығыста, орталықта дауыл тұрады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батысты , солтүстікті тұман басады", – дейді синоптиктер.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, әлсін-әлсін  жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: