Қарағанды облысында ерекше қабілетке ие азамат тұрады
Мына жүк көлігінің салмағы шамамен 20 тоннаға жуықтайды. Соған қарамастан Байбек Бауыржан оны бірнеше метрге дейін оп-оңай сүйрей алады. Бұл жетістікке жету үшін ол ұзақ уақыт жаттыққан. "Кез-келген трюкта қара күштен гөрі ептілік керек", - дейді.
"Жеңіл көліктен бастадым. Камазды тартуға дайындалдым. Залда штангамен отырып-тұру, қандай әдіс керек, соған байланысты ауыр салмақтармен әдіс жасадым. Одан кейін ауылға барып өзіміздің Камазды тартып көрдім, қолымнан келді. Бірден тартып кеттім Камазды." Байбек Бауыржан, Жанбөбек ауылының тұрғыны
Ал мына шегелердің ұзындығы 200 миллиметр. Байбек оны ағашқа алақанымен қағады. Ал суыруға тістеуік іздеп жатпайды. Тісімен суырады. Шегені санаулы секундта майыстырып, түрлі зат жасайды.
Бұл оңай нәрсе емес. Сіздерге жаңа бұның бәрі әдіс деп айтып жатыр ғой. Мен оған келісемін, бірақ бұл күш деп ойлаймын. Екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан мен дәл өзіміздің Нұрамызда қазақтың осындай батыр жігіттері бар екеніне мақтанамын. Талғат Шолтаев, Нұра аудандық жастар ресурстық орталығының директоры
Байбектің ең күрделі трюгі – осы. Шегенің үстіне шеге қойып, денені көтеру керек. "Мұнда тепе-теңдік сақтамаса, жарақат алу әп-сәтте. Адам санасына сия бермейтін бұндай қауіпті трюктарды тек 35 жасқа дейін жасаймын",- дейді кейіпкер. Ерекше талант иесінің ендігі мақсаты – Гиннестің рекордтар кітабына ену.