Тараздық сарбаз жаңа рекорд орнатты
Сурет: Zakon.kz
Тараздық әскери азамат жаңа рекорд орнатып, көпті таңқалдырды. Балқашта өткен Қарулы күштер қызметкерлері арасындағы көпсайысты жарыста снайперлер взводының командирі Евгений Нам серіппеге 152 рет тартылған
Бұл көрсеткіш еліміздің рекордтар кітабына тайға таңба басқандай жазылып отыр. Оңтүстік Өңірлік қолбасшылығы сарбазды салтанатты түрде қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті, деп жазады Almaty.tv.
"Бұл жерде шынымды айтсам, ешқандай құпия жоқ. Жаңағы сол рекорд қою үшін негізі жаттығуды көп жасау керек, өз басшыларының сенімін ақтау керек. Өзіне қойған мақсатқа жету керек", – деді мергендер взводының командирі Евгений Нам.
Сарбаз бұл көрсеткішпен тоқтамайтынын айтты. Жаттығуларды жалғастырып, жаңа жетістіктерді бағындырмақ ниетте. Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеде Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
"Жауынгер досымыз Женя үшін өте қуаныштымыз. Ол біздің бригаданы және де Оңтүстік өңірлік қолбасшылығын үнемі алға сүйрейді. Жеңіске жетіп, үнемі бізді қуантып жүреді. Осындай сержантпен бір қатарда, бір сапта бой түзеп, жүргенімізге абырой деп санаймыз", – деді мергендер взводының сержанты Қайрат Исақов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript