Ақмолалық полицейлер көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болған азаматты құтқарып қалды
Оқиға 7 шілде күні кешке Степногорск қаласының жергілікті абаттандырылған үйлерінің бірінде болды. Полиция бөлімінің кезекші бөліміне көрші пәтерде жанжал болып жатқандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен.
Полицейлердің айтуынша, шақыру орнына келген олар 4 қабатты үйдің шатырының шетінде ер адам тұрғанын байқаған. Кезекші бөлімге хабарлағаннан кейін, полицейлер бірден шатырдың кіреберісі арқылы ойланбастан 4-қабатқа көтеріліп, ер адамды түсірген.
Кейінірек белгілі болғандай, ер адам мас күйінде болған және қызғаныш негізінде азаматтық жұбайымен қатты жанжалдан кейін оны осылай қорқытуға шешім қабылдағаны белгілі болды. Осы уақытта оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп, ер адамды Степногорск қаласындағы аймақтық психиатриялық ауруханаға жеткізді.
Тексеруден кейін мамандар ер адамда суицидтік ойлар мен психикалық бұзылулар анықталмағанын хабарлады. Кейінірек полицейлер ер адамның жеткіліксіздік жағдайына байланысты пәтерінде жанжал туғызғанын білді, сонын барысында ол әйеліне дөрекі сөздер айтқан.
Нәтижесінде ер адамға қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, қорғау нұсқамасы шығарылды. Ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.