Қырғызстанның СІМ қазақ боксшысы Шүменовтің қатысуымен болған төбелеске пікір білдірді
Сурет: mfa.gov.kg
Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі 2023 жылдың 18 маусымында Астанадағы сауда үйлерінің бірінде қырғыз бен қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов арасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 шілдеде жәбірленуші Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне шақырылды. Елші Дастан Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.
"Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары аталған оқиға бойынша барлық қажетті процессуалдық әрекеттерді атқаруда. Бұл мәселе министрліктің бақылауында", - делінген Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript