Жаңалықтар тізбегі
0

Сарыағашта кісі қолынан қаза болған 5 жасар қыздың туыстары оқиғаның мән-жайын айтты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 23:32 Фото: zakon.kz
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бұрын сотты болған ер адам 5 жасар қызды асқан қатыгездікпен азаптап өлтірген. Баланың денесін күдіктінің үйінен ауыл тұрғындары тауып алған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қызынан көз жазып қалған ата-ана 5 жасар баланың үйден шығып ооралмағанын айтып, аудандық полицияға арызданған. Бұрын сотты болған көршісінен күдіктеніп әкесі оның үйіне де бірнеше рет барған. Ауыл болып іздеген бүлдіршіннің әуелі киімін, сосын мәйітін дәл сол көршінің үйінен тұрғындардың бірі тапқан.

"5-6 бала болып іздедік, сөйтіп осы үйге кірдік, ақырында қыздың киімі шықты. Киімі шыққаннан кейін алға қарай іздеп шықтық, бүкіл жақты іздеп жатыр едік. Жолдас баламмен шатырға қарай кеттім, шатырда шифер тұрған еді. Шиферды басып қалған едім. Киімсіз қыз жатыр екен". Сарыағаш ауданының тұрғыны Ержан Ахметов

48 жастағы көршісінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары мұндай қатыгездікті тек бір адамның жасауы мүмкін емес, қылмысқа бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін деп отыр. Сондықтан олар барлық күдіктінің заң алдында бірдей қатаң жазалануын сұрайды.

Күдікті бұрын кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шыққан екен.

"Көрдік, сәбиді бет-аузын ұрған, шыңғырса, айқайлама деп ұрған ба - пышақтап тастаған, қалай деймін де, осыншалықты дәрежеде аяусыздыққа барғанына миым жетпейді.  Мақсатымыз әділ жазасын алса,  іс бұрмаланып кетпесе, сыбайластарымен бірге қатаң тәртіпте жазаланса дейміз, мақсатымыз сол". Марқұмның ағасы Ерғали Ережепов

Ал полиция департаменті айтулы фактіге қатысты "Адам өлтіру" бабымен іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.

"Кәмелетке толмаған қызды өлтіру фактісі бойынша қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.  Қылмысты жасап, мойындап, қазір соның салдарынан уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жалғыз өзі, қазір жалғыз өзі қамауда". Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы Есенғали Бейсембаев

Айта кетейік, қатігез көршінің қолынан қаза тапқан 5 жастағы бүлдіршін қыз, бүгін жер қойнауына тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: