Жамбыл облысында вагондардың рельстен шығып кетуі пойыздар қозғалысына әсер етті
Сурет: pixabay
2023 жылдың 17 шілдесіне қараған түні Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Түрксіб-Шу учаскесінде жүк вагондары рельстен шығып кетті.
"ҚТЖ" хабарлағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, рельстен шығу жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті.
"Барлық пойыздар ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагондар жұмыс істеп тұр. Арнайы комиссия құрылып, жолдан шығып кету себебін анықтауда". "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript