Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға тіркелмеген дәрілер қандай жағдайда әкелінеді

Қазақстанға тіркелмеген дәрілер қандай жағдайда әкелінеді?, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 13:29 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 11 шілдедегі "ҚР мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде ҚР аумағына әкелу жағдайларын анықтау туралы" бұйрығын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрықпен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген гуманитарлық көмек ретінде Қазақстанға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелудің мынадай жағдайлары айқындалады:

  • Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың алдын алу немесе олардың зардаптарын жою;
  • төтенше жағдайды енгізу мерзімі;
  • аса қауіпті жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу және емдеу;
  • орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.

Бұйрық 2023 жылғы 24 шілдеде күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: