Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада алимент төлемеген 600-ден астам адам іздеуде жүр

алимент, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 01:12 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада алимент төлемеген 600-ден астам адам іздеуде жүр, олардың қарызы 2 млрд 900 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда Астананың жеке сот орындаушыларында 19 мыңнан астам атқарушылық құжат бар. Олардың 10 мыңы мерзім-мерзімімен орындалады, яғни қарыз жалақыдан ұсталады және ай сайын алимент өндіріп алушыларға беріледі. Ал 618 борышкер іздестіріліп жатыр, осыған байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды".Астананың жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Әділет Бейсенбаев

Спикердің айтуынша, 2 мыңнан астам проблемалық құжаттар бар, яғни түрлі себеппен алимент төлемдері жасалмайды. Негізінен борышкерлердің жұмыссыз, төлемге қабілетті емес және басқа да себептері бар.

"Биыл жыл басында алимент төлемдерін өндіру бойынша берешек 3 млрд теңгеден асты. Қазір бұл көрсеткіш 2 млрд 900 млн теңгеге дейін төмендеді. Жыл басынан бері 79 борышкер әкімшілік жауапқа, алтауы қылмыстық жауапқа тартылды. Тұрақты жұмыс орны жоқ борышкерлер үшін жыл басынан бері он шақты бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде тек 21 борышкер жұмысқа орналасты. Оның да көп себебі бар: мамандық сәйкес келмейді, ұсынылған жалақы немесе лауазым үшін жұмыс істеуге ниет жоқ", - дейді ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: