Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысының “Киберпол” қызметкерлері екі азаматтың алаяқтарға беріп қойған ақшасын қайтарды

Полиция заң бұзған адамды ұстады Сурет: Zakon.kz
Интернет-алаяқтығы бойынша бірнеше ескертулерге қарамастан, жыл басынан бері тек Балқаш қалалық полиция бөліміне алаяқтардың арбауына түсіп қалу дерегі бойынша 70-тен астам арыз түскен.

Бұл қылмыс түрлерінің тергелуінің қиындығына қарамастан, 26 шілдеде Балқаш қалалық полиция бөлімінің "Киберпол" қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Алматылық тұрғын онлайн және офлайн түрде газон сататын дүкеннің менеджерімін деп өзін таныстырған. Осылайша WhatsApp желісі арқылы Балқаш қаласының тұрғынымен сөйлесіп, газон әкеліп беремін деп алдап, бір млн теңгеден астам ақшасын иеленген.

Содан байланысын үзіп, хабарсыз кеткен. Күдікті жәбірленушіден алған ақшаны қайтарды. Осыған ұқсас тағы бір жайт қарағандылық тұрғынның да басынан өтті.

"Киберпол" қызметкерлеріне 28 жастағы азамат арызбен шағымданды. Жас отбасы әлеуметтік желіден өздеріне көлік сатып алу үшін хабарламаларды қараған.

Қазақстандық мемлекеттік тіркеу нөмірімен болған көлік көршілес елде тұр деді. Сондықтан да оның бағасы арзандау болды. Түн болса да хабарластық. Күдікті біздің қоңырауымызға жауап берді. Осыдан кейін біз алдын ала 300 мың теңге ақша жіберуге келістік. Сол кезде "көлік сатушы" бізден сол уақытта 60 мың теңге ақша салуды өтініп, қалған ақшаны таңертен салуға болатынын айтты. Сонымен, таңертең қалған ақшаны салатын кезде банк біздің есеп-шотымызды бұғаттап тастады. Оның алдында маған банк менеджері хабарласып, біздің күдікті есеп-шотқа ақша салып жатқанымызды ескертті. Менеджердің хабарламасынан кейін менде күдік пайда болды. "Сатушымен" сөйлесіп, банк менің есеп-шотымды бұғаттап тастағанын айтқанымда, ол өзін дөрекі ұстап, маған қалған ақшаны Qiwi кошелекке салуымды талап етті. Мен оған қаншалықты жағдайымды түсіндіргеніме қарамастан, ол мені тыңдамады. Кейін полицияға хабарластым. Мен полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Олар маған алаяқтардың әрекеттері туралы мағлұмат берді. Алаяққа салып жіберген ақшам қайтарылды. Барлық тұрғындарды алаяқтардың арбауынан сақ болуға шақырамын, – деді Ксеня Тесля.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: