Алматыда 70 пайыз тұрғын үйдің лифті қауіпті

Алматыда 70 пайыз тұрғын үйдің лифті қауіпті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 16:37 Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің 70 пайызындағы лифті талапқа сай емес. Бұл туралы "Қазақстан Ұлттық лифтшілер қауымдастығы" мәлімдеп отыр.

Мамандар ең қауіпті лифтілер ескі үйлер мен жаңадан салынып жатқан эконом санаттағы үйлерде екенін айтады, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұндай тұрғын үйде өрт бола қалса, жеделсатылардың іші бірден түтінге толып түгі қалмай жанып кету қаупі бар.

Соңғы талапқа сай егер тұрғын үйдің ішінде өрт болса қалса лифті лаулап жанып кетпеуі керек. Сол үшін де барлық үйлерде өртке төзімді лифт түрі орнатылуы тиіс. Бірақ көп құрылыс компаниясы бұл қауіпсіздік шарасын елемей отыр. Тек соңғы кездері комфорт санатты үйлерді салып жатқандар ғана өртке төзімді лифт орнатуда. Ержан Игібаев, "Қазақстан ұлттық лифтшілер қауымдастығы" ЗТБ президенті
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: