Алматыда тұрғын үй маңындағы көлік тұрағы бақылауға алынды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен маңына көлігін дұрыс қоймағандар жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Тексеру кезінде тұрақ ережелерін бұзып, жедел жәрдем, өрт сөндіру секілді арнайы қызмет көліктерінің жүру жолын бөгеген бірнеше көлік анықталды. Олардың иелеріне әкімшілік шаралар қолданылып, кейбір автокөліктер айып тұрағына эвакуацияланды, деп жазады qazaqstan.tv.
Шараның мақсаты – өрт сөндіру және басқа да арнайы техникалардың еркін қозғалысына кедергі келтірмеу. Полиция өкілдерінің айтуынша, әсіресе, апатқа ұшыраған немесе жарамсыз күйдегі көліктерді үй аулаларына және жол жиегінде ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Полиция қызметкерлері деректі анықтаған сәтте иесін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізеді, иесі табылмаса бірден айыптұрағына тоғытады. Иесі табылған жағдайда иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылады, ол бап бойынша санкция ескерту көзделген, сонымен қатар 20 АЕК көлемінде айыппұл көзделген. Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript