Алматыда жеті күнге арналған ауа райы болжамы: апта жаңбырлы, салқын болады

Алматы, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 17:23 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz сайтына Алматы қаласының бір аптаға арналған күн райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік астанада жұмыс аптасының басталысымен күн суытып, жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша бөлімшесінің жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 5-11 тамыз аралығында Алматыда жаңбыр жауады, сондай-ақ желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. 

5 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, +36+38°С ыстық болады.

6 тамыз: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°C, күндіз +35+37°C ыстық болады.

7 тамыз: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +26+28°С.

8 тамыз: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.

9 тамыз: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

10-11 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +32+34°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: