Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 5 жасар баланы каналдағы су ағызып әкеткен

канал, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 22:31 Сурет: видео скрині
Алматы облысында 5 жасар бала каналдың суына ағып кетіп мерт болды. Бүлдіршіннің денесін Жомарт саяжайының тұрғындары іздеп жүріп әрең тапқан. Бала бұл ауылға қонаққа келген екен. Жұрт қайғылы оқиғаға каналға жауапты мемлекеттік мекемені кінәлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өйткені кәріз суы ағатын аумақ мүлдем қоршалмай, қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Ал тұрғындар ағысы қатты суға ойын балалары абайсызда құлап, өлім-жітім көбейе ме деп алаңдайды.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше кешкі сағат алты шамасында болған. Ең алдымен бес жасар ойын баласының аяқ киімі каналға түсіп кетеді. Жеткіншек соны аламын деп суға ағып кеткен екен. Оның денесін саяжай тұрғындары үш сағатта әрең тауыпты.

Манарбек Жанұзақов баланың суға құлағанын ести сала, елдімекендегі жігіттермен іздеуге кіріскен. Ауыл азаматтары каналды бойлай бірнеше шақырым жүріп өткенімен, еш нәтиже болмапты. Ақыры құтқарушылардың көмегіне жүгіндік дейді ол. 

"Өзіміздің ауылдың WhatsApp-та чаты бар. Соған жанұшыра айғайлаған әйел адамның дауысы шықты. Бес жасар бала каналдағы суға ағып кетті деп. Қолымыздан келген көмекті берейік, жас сәби ғой деп каналды жағалап кеттік. Аяқ жағына дейін бардық. Ары-бері жүгіріп, ТЖ қызметін шақырып, сағат кешкі тоғыз жарымда баланың мәйітін тауып алдық". Манарбек Жанұзақов

Кішкентай бала осында тұратын туыстарына қонаққа келген екен. Ағысы қатты, тереңдігі екі метрге жуық канал елді мекеннің дәл іргесінде ағып жатыр. Бұл - биологиялық тазалаудан өткен кәріз суы. Оқушылар осы каналдың үстіндегі шағын көпір арқылы мектепке барады. "Ашық-шашық тұрған сасық суға ұл-қыздарымыз құлап кете ме деп, күнде жанымызды шүберекке түйіп отырамыз" дейді тұрғындар. 

"Тағы біреудің баласы кетіп қалуы мүмкін. Біздің сұрайтынымыз, каналды жауып берсін. Бізге сетка емес, бетондап жауып бергені жақсы. Сетканың үстіне балалардың ойнамасына кім кепіл?" Сұлупан Төребаева

"Іле ирригация" су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кәріз суын егістік алқабын суаруға пайдаланады. Олардың айтуынша, каналдан кейін салынған үйлер суға тым жақын орналасқан. Соған қарамастан қауіпсіздікті күшейту жолдарын қарастырып жатырмыз дейді.

"Канал 2016 жылы салынған. Ол кезде жобада бетін жабу көзделмеген. Себебі ана жерде ондай мекенжай болған жоқ. Кейін көбейіп кетті. Екіншіден, саяжайға жер берілгенде су қорғау талаптары сақталмаған. Біз енді жоғары жаққа ұсыныс беріп, хат жазып жатырмыз. Ана жердің бетін жабамыз ба, сетка тартамыз ба, амалын қарастырып, ұсыныс жасалды", - дейді "Іле ирригация" су шаруашылығы МКК бас инженері Ербол Нүкен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: