Синоптиктер 8 тамызда елімізде күн райы құбылмалы болады деп болжады
Бұрынғыдай атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.
"Республиканың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның батысында күн жауын-шашынсыз болады". "Қазгидромет" РМК
Республика бойынша екпінді жел соғады. Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+36°С.