Қызылордада егде жастағы емделуші аурухананың терезесінен құлап кетті

Қызылордада науқас терезеден құлап қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 09:14 Сурет: gov.kz
Аурухананың 61 жастағы науқасы медициналық мекеменің балконынан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 6 тамызда болған. Ауруханадағы науқас балконнан құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Қызылорда жаңалықтары.

Қызылорда облысының полиция департаменті әйелдің өлімі фактісін растады. Ведомствоның баспасөз қызметі іс "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қозғалғанын хабарлады. Қылмыстық істің басқа мәліметтері жарияланбайды.

Бұған дейін Қарағандыда 27 жастағы келіншек төртінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақат алған. Нәтижесінде есін жимай қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: