Жамбылдық тұрғын ауылдастарының 19 бас малын құмар ойынға салып жіберген

Жамбылдық тұрғын ауылдастарының 19 бас малын құмар ойынға салып жіберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 13:02 Сурет: primeminister.kz
Құмар ойын құрдымға жіберді. Жамбылда құмар ойынға құныққан азамат ауылдастарының 19 бас малын ойынға салып жіберген.

Барымташылыққа барған 35 жастағы тұрғын әуелі жайылымда жүрген 6 бас ірі қараны ұрлайды.

Ал он күннен кейін 13 жылқыны алдына салып айдап әкетеді. Қылқұрықтар ішінде бәйге аттары да бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Асылтұқымды арғымақтардың әрқайссының құны 2 млн теңгеден асады. Күдіктінің ұрлыққа барғаны мал базарда әшкереленді. Ол өз кінәсін бірден мойындаған.

Ол қолды қылған жылқы мен сиырдың ақысын 10 млн теңгеге бағаланған құнымен толық өтеп берген. Айыпты азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: