Жетісу облысындағы ауылда төрт көшені су басты

су басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 14:30 Сурет: видео скрині
Жетісу облысындағы Ешкіөлмес ауылындағы төрт көшені су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесін су басты.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындары жартылай эвакуацияланып жатыр.


Бұл жерге Талдықорғаннан қосымша күштер жіберілген.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: