Жаңалықтар тізбегі
0

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына орай республикалық деңгейде байқау ұйымдастырылды

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына орай республикалық деңгейде байқау ұйымдастырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 15:24 Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Баянауыл ауданында қазақ ақыны және ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойы өтті. Онда жүзден астам киіз үй тігіліп, этноауыл бой көтерді.

Торайғыров университеті "Мәшһүр жолы" аудиокітабының, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 10 томдық "Таңдамалы шығармалар жинағы" атты аудиокітабының тұсаукесерін, сонымен қатар мәшһүртанушылардың кездесуін өткізді, бұл шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіптің ұрпақтары баяндама жасадыToU ректоры Еркін Садықов шараға жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі.

"Бүгін біз Мәшһүр Жүсіпті көрнекті ойшыл, ұстаз және қоғам қайраткері ретінде еске аламыз. Ол нағыз патриот ретінде әрқашан өз Отанына, халқына пайда әкелуге дайын болды. Ол өзінің бар ғұмырын зерттеу мен танымға арнады, білімді жетілдіруге құмар болды және қоғамды ағартушылыққа бағыттады. Мәшһүр Жүсіптің мұрасы туралы айтатын болсақ, оның білім мен мәдениетке қосқан үлесі орасан зор. Баба мұрасын ұрпағы жалғастырып, бүгінде көп еңбек жасалуда", - деді ректор.

Осындай атаулы күнді мерекелеу аясында бәйге мен көкпардан спорттық ойындар, қазақша күрестен жарыстар, сонымен бірге жыршы, термеші және айтыскерлер арасында республикалық байқау өтті.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратынша, сонымен қатар Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қолөнершілердің қатысуымен Халықаралық Орта Азия жәрмеңкесі, суретшілер көрмесі және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 2006 жылы салынған кесене кешенінде намаз оқылғаннан кейін мерекелік іс-шаралар басталды. Мерекеге облыс әкімі Асайын Байханов, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, зиялы қауым өкілдері және өңірдің ғылыми қоғамдастығы қатысты. Қазақ ойшылының мерейтойын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше атап өтті. Ерлан Қошанов мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, өңір тұрғындарына мемлекет басшысының ізгі тілегін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: