Астана тұрғынының ақшасын алдап алған күдікті ұсталды

алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 22:40 Сурет: polisia.kz
Астанада техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері клиентті алдап соққан, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғыны арызданып, белгісіз ер адамның автокөлікті қысқа мерзімде жөндеп беремін деп, ақшасын алғанын айтқан.

Тергеу барысында техникалық қызмет көрсету станциясының 35 жастағы қызметкері клиенттің сеніміне кіріп, ақшасын алып, өз жұмысын орындамағаны анықталды.

Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты пайдаланып, қаскөй жұмыстан шығып кеткен. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: