Жетісу полицейлері иесіз қалған үй құрылысынан қару-жарақ сақталған орынды тапты

Жетісу полицейлері иесіз қалған үй құрылысынан қару-жарақ сақталған орынды тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 15:49 Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу полицейлері Талдықорған маңында иесіз қалған үй құрылысынан қару-жарақ сақталған жасырын орынды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу полицейлері ұйымдастырған арнайы іс-шаралар барысында атыс қаруы сақталған жасырын орын табылды. Қару-жарақ Талдықорғанның шетіндегі қараусыз қалған үй құрылысында сақталған.


"Сол жерде Vernery Carron қос ауызды және Сайга-12 мылтықтары тәркіленді. Екеуі де 12 калибрлі. Арнайы мәліметтер базасын тексере келе, табылған атыс қаруы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласының аңшылық дүкендердің бірінде ұрланғаны анықталды", – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: