Жаңалықтар тізбегі
0

Жастар арасындағы лудомания мен есірткі бизнесіне қарсы күрес қалай жүріп жатыр?

Жастар арасындағы лудомания мен есірткі бизнесіне қарсы күрес қалай жүріп жатыр?, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 10:32 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен басқосуда жастардың дамуы және оларды қолдау бойынша Президент бастамаларының іске асуы барысы талқыланды.

Жиында жастарды еңбекпен қамту және кадрлардың бір жерде тұрақты жұмыс істемеуі секілді мәселелер қаралды. Бұл, әсіресе, солтүстік өңірлерде өзекті проблема. Сондай-ақ кеңес мүшелері заңсыз ойын бизнесі мен жастар арасында лудоманияның таралуы, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған Кешенді жоспардың орындалуын талқылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл мәселелердің өзектілігіне Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында ерекше назар аударды.

Жауапты министрлік өкілдері өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша атқарылған жұмысты баяндады. Мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар берілді.

"Республикалық маңызы бар үлкен-үлкен тың тақырыптарды көтеріп жүріп, сонымен қатар, өңірлік, аймақтын мәселелерді де назардан шығармауымыз керек. Жастар саясаты аймақта, өңірлерде қалай жүзеге асырылып жатқанын, сосын ең бастысы өздеріңіз осы жердегі әріптестеріңізбен байланыс, қарым-қатынас орнатсаңыз деген мақсат." Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі

Мектептерде кәсіптік бағдардың ерте берілмеуі, ішкі еңбек нарығындағы кемшіліктер, жұмыссыздық – шұғыл шешілуі тиіс мәселелер деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин. Көшпелі кеңес мүшелері Шетелдік Аризона универистетімен әріптестік орнатқан жоғары оқу орнына барды. Қазір Қозыбаев университетінде шетелдік студенттер де білім алып жүр. Диплом алғаннан кейін ауылға барып еңбек ететін студенттер де баршылық. Кеңес мүшелері бұдан кейін Новоникольск ауылының тыныс-тіршілігін көріп, заманауи сүт фермасына да соқты.

"Синтетика мен нашақорлықпен күресу бойынша кешенді жоспар әзірленді. Бір жыл бұрын бұл мәселені кеңестің платформасында талқылаған болатынбыз. Оның өзін бір үлкен нәтиже деп есептеуге болады. Өзекті мәселелердің бірі ол – жұмыссыздық және "Дипломмен ауылға", "Серпін" бағдарламасының кемшіліктері мен жақсы тұстарын бәрін талқылап, министрлікпен үлкен жиындар өтті." Олжас Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі

Жастар кеңесі Президент айқындаған реформаларды, әсіресе, жастар саясатын іске асыру бойынша нақты ұсынымдар жасай алатын қоғамдық алаңға айналды. Ендігі кезекте жастар саясатын өңірлерде сапалы іске асыруға басымдық берілмек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: