Астананың Білім басқармасы оқыту сапасы жоғары мектептерді атады
Сурет: Zakon.kz
Мұғалімдердің тамыз конференциясы аясында елордалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев қай тілде білім сапасы жақсы деген сауалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасымхан Сенғазиев қай тілде оқытатын мектептердің білім сапасы жоғары екенін айтты. Қазақстанда балалар екі нұсқаны таңдай алады – қазақша немесе орысша оқу.
"Қазақ мектептерінде білім сапасы 4% жоғары", - деді спикер.
Оның айтуынша, мұның қазақ мектептеріндегі оқушылар санының басым болуына еш қатысы жоқ.
"Сабақ беру оқытудың сапасына, ұстаздардың білімі мен тәжірибесіне байланысты. Баланы белгілі бір мектепке беруге мәжбүрлей алмаймын. Бұл - ата-ананың таңдауы", - деп түйіндеді Қасымхан Сенғазыев.
25 тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстан мектептеріндегі білім сапасы төмен екенінің негізгі себебін атады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript