Қазақстанда жоғары оқу орындарында үш жылдық оқыту жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылады

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 15:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында жоғары оқу орындарында үш жылдық оқыту жүйесін енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысы бұл мәселені қосымша талдау қажет екенін атап өтті.

"Тұжырымдаманы іске асыру аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі 2027 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және салалық бизнес-қоғамдастықтармен бірлесіп, жоғары оқу орындарында үш жылдық оқытуға қажетті жағдайларды талдауды жоспарлап отыр. Талдау қорытындысы бойынша кадр даярлау жүйесін реттеуге бағытталған әрі қарайғы шаралар қабылданады", – делінген жауапта.

Сонымен қатар білім беру бағдарламаларын нормативтік және қаржылық қамтамасыз ету тетіктері талданады.

"Бұл ретте білім беру бағдарламаларының қарқындылығы, мамандарды даярлауға жұмсалатын нақты шығындар, түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы, жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейі, түлектердің табысы және кәсіби сертификаттау нәтижелері ескеріледі", – деп толықтырды премьер-министр.

Бұған дейін Қазақстанда білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары өзгергені туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: