Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 17:59 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктер жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде күн ашық болады.

Республика бойынша күн күркіреп, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады. Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, әлсін-әлсін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: