Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Сайын көшесіндегі жерасты өткелі ұлттық стильде салынған суретпен безендірілді

Алматыда Сайын көшесіндегі жерасты өткелі ұлттық стильде салынған суретпен безендірілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 17:01 Сурет: Алматы әкімдігі
Биыл маусым айында өткелді жөндеу басталған еді. Жобаға металл конструкциясын қосу арқылы шатырды жөндеу, бейнебақылау камераларын орнату, кабельдерді ауыстыру кірген еді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Абай даңғылының солтүстігіндегі Сайын көшесіндегі жерасты өткелінің жай-күйін тексерді. Ол өткелді жарықтандыру сапасына ерекше назар аударды.

"Біз барлық өткелде жарық болуы керек деп келістік. Жерасты өткелі де жарық болуға тиіс. Қосымша жарықтандыруды жасау керек. Біздің міндетіміз — азаматтарға барлық жағдайды жасау. Олар өзін қауіпсіз сезінуі қажет", — деді Ерболат Досаев. 

Өткел қабырғасында беташар, асық ату, жіп иіру, теңге ілу сынды қазақтың дәстүрлері мен ұлттық ойындарын бейнелейтін көркем суреттер болады. Әкім шшеберлерге шабыт пен сәтті жұмыс тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: