Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарының бірінші күні аяқталды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 00:40 Сурет: akorda
Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарының бірінші күні аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің Тәжікстандағы жұмыс сапарының алғашқы күнін қорытындылап, видео жариялады.


Еске салайық, кеше, 14 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Тоқаевты Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Кохи Сомон" мемлекеттік резиденциясында қарсы алды. Кейін екі ел басшыларының кездесуі басталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Сонымен қатар президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысу үшін "Қасри Миллат" сарайына барды.

Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде баяндама жасады.

Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекеттер басшылары "Достық кеші" салтанатты концертін тамашалады, кейін "ЭКСПО Орталық Азия – 2023" көрмесіне барды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: