Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шықты

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2023 11:45 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шықты, шенеунік алған соманы 20 есе етіп қайтаруы қажет, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қаласының № 2 сотында  қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Ол тамыз айында Павлодар көшелерінің бірінде орналасқан тұрақтың қасында тұрғыннан ақшалай пара алған. Іс материалдары бойынша пара берген адам өзінің анасына әкімшілік іс бойынша айыппұлдың орнына ескерту түріндегі әкімшілік жазаға ауыстыру мақсатында шенеунікке 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай пара берген. 

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қаралды. Прокурор мемлекеттік қызметшіге параның жиырма еселенген сомасында, яғни бір миллион  теңге айыппұл салуды сұрады.

Сотта шенеунік өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.

"Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды және айыпталушының өз кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, ер адамға қатысты мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру және параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 1 000 000 теңге айыппұл ретіндегі жаза тағайындалды". Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: