Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңіс Қасымбек бүлінген "Қазақстан" СК қалпына келтіруге қаржы табуға уәде берді

Қасымбек бүлінген «Қазақстан» СК қалпына келтіруге қаржы табуға уәде берді., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 09:38 Сурет: Instagram/jenis_qasymbek
Астана әкімі "Қазақстан" СК сияқты белгілі нысанның тоқтап тұруына жол бермейтінін мәлімдеді. Ол қазір құрылыс жұмыстарын жалғастыру және спорт кешенін жаңғырту үшін қосымша қаржы көздері қарастырылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Қасымбек елордада спорт мекемелеріне деген қажеттілік бар. Қалаға қажетті құрылыс нысандарына да жеке инвестициялар тартамыз, деп мәлімдеді.

Мәселен, Алматы ауданының Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінде спорт орталығы ("Қазақстан" СК жанында) салынып жатыр. Нысанның жалпы ауданы – 10 мың шаршы метрден астам. Жоспар бойынша онда үстел теннисі үйірмелері, футбол, баскетбол, волейбол залдары, IT үйірмелері – lego және киберспорт, қыш шеберлігі мектебі, шахмат, күрес, бокс залдары және т.б. болады. Бұл спорт орталығы келесі жылы ашылады деп жоспарланып отыр, деп жазды әкім өзінің Instagram парақшасында.

Сол сияқты қаланы аралау барысында "Қазақстан" спорт кешеніне бардым. Елорда тұрғындары мен қонақтары бұл орынға бір емес бірнеше рет барып, бос уақытын өткізді деп ойлаймын. Нысан Алматы ауданының тартымды орындарының бірі саналады. Спорт кешені апатты жағдайда болған соң екі жыл бұрын нысанды жаңғырту жұмысы басталған. Жеңіс Қасымбек

Өкінішке қарай, инвестор құрылыс жұмысын толық жүргізе алмады. Жұмыс бір орында тоқтап тұрды. Дегенмен бір кездері танымал болған нысанның осындай күйде тұруына біз жол бермейміз. Сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін қарастырып жатырмыз, - деді әкім. 

Сонымен қатар, қалада бұқаралық спортты дамыту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салып жатырмыз, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен федерацияларды қолдаймыз, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) және т.б. абаттандырамыз, деп жазды әкім. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: