Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында мас тұрғын көршісін ұрып-соққан: жәбірленуші әйел ауруханада көз жұмды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 17:22 Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу облысында мас тұрғын көршісін ұрып-соққан. Қатты соққы салдарынан жәбірленуші әйел ауруханада көз жұмды.

Тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне ер адам қамауға алынды. Бұл факт Қаратал ауданында тіркелді 19 қыркүйекке қараған түні Жаңаталап ауылының 30 жастағы тұрғыны көптеген дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Алған ауыр жарақаттардың салдарынан әйелді құтқару мүмкін болмаған. Ол келесі күні ес жимастан көз жұмды.

Полицейлер күйеуге шықпаған әйел қарт анасымен бірге тұрғанын және қатты соққы салдарынан өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын алғанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 43 жастағы ауылдасын ұстады.

Ер адам көрші үйде тұрған және оның алыс туысы болып келеді.

Қылмыстың себебі – екеуінің арасындағы жағымсыз қарым-қатынас. Олардың арасында жанжал туындап, мас ер адам әйелді соққыға жыққан.

Қазір ұсталған адам қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: