"Бәйтерек" холдингі қызметкерлері "Донор күнінде" шамамен 30 литр қан тапсырды

"Бәйтерек" холдингі қызметкерлері, Донор күні, донорлық, 30 литр қан , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2023 10:00 Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметкерлері дәстүрлі "Донор күні" аясында шамамен 30 литр қан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұйымдастырған биылғы "Донор күні" қайырымдылық акциясына холдингтің және оның еншілес ұйымдарының 116 қызметкері қатысты. Барлық қажетті медициналық процедуралардан өткеннен кейін олардың 73-і донор атанып, соның арқасында 30 литрге жуық донорлық қан тапсырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қызметкерлер мен қоғам арасында донорлықты насихаттау, донорлық қан мен оның компоненттерінің қорын ұлғайту, сондай-ақ қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді түрде қолдау көрсету.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Мұндай акция "Бәйтерек" холдингінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін паш етіп, қоғам өміріндегі белсенділіктерін де растайтын жақсы дәстүрге айналды.

Донорлық, Қан тапсыру, , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2023 10:00

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

"Біз осы бір тамаша идеяны белсенді қолдап, оның бір бөлігіне айнала білген ұжымымызды мақтан тұтамыз. Донорлықты насихаттау – салауатты және әлеуметтік белсенді қоғам құруға жасалған қадам. Бүгінгі іс-шара осындай маңызды құндылықтарға деген адалдығымызды көрсетеді", - деп атап өтті холдингтегілер.

Қан тапсыру, донорлық, , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2023 10:00

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: