Елімізде үйді ипотекаға алушылар азайған
Сурет: Zakon.kz
Елімізде үйді ипотекаға алушылар азайды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының зерттеуіне сүйенсек, биыл жарты жылда қазақстандықтар 850 млрд теңгеге несие рәсімдеген.
Ал былтыр оның көлемі 1,1 трлн теңге болған еді. Яғни, 19,3 пайызға аз.
Қауымдастық сарапшылары мұны "7-20-25" бағдарламасына бөлінген қаражаттың азаюымен әрі оны 4 тоқсанға бөліп тастаудың тиімсіздігімен байланыстырады, деп жазады qazaqstan.tv.
Биыл "Отбасы банктен" бөлек, ипотеканы қазақстандықтар өзге екінші деңгейлі банктерден рәсімдейтін болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript