Дін көшбасшылары елордада бас қосады

Астанада дін көшбасшыларының сьезі өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 09:27 Сурет: Zakon.kz
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Астанада бас қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазанның 11-інде елордада Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен съезд хатшылығының 21-ші отырысы өтеді.

20 елден делегация келмек. Ватикан, Израиль және Пәкістаннан да қонақтар болады. Күн тәртібіндегі басты мәселе – съезді дамыту тұжырымдамасын қарау. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы, деп жазады "Хабар 24" арнасы.

Президент ұсынысты былтыр айтқан еді. Қазір Астанада қызу дайындық.

"Біраздан бері дайындалып жатырмыз. Қазір – соңғы кезеңі. Хатшылық аясында екіжақты кездесулер жоспарланған. Жалпы бұл – бірегей алаң, әлемде мұның баламасы жоқ. Жиында съезді дамытудың 2033 жылға дейінгі тұжырымдамасы талқыланады." Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталықтың төрағасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: