Ақтөбедегі мектептердің бірінде карантин жарияланды

Ақтөбедегі мектептердің бірінде карантин жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 13:56 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбедегі мектептердің бірінде қызылша ауруына байланысты карантин жарияланды. Облыс орталығындағы №11-ші мектептің бір сыныбы оқшауланған.

Білім ордасы басшысының айтуынша, бір баладан ауру табылған. Оның қызылшаға қарсы екпе алмағаны белгілі болып отыр.

Науқаспен қарым-қатынаста болған балалардың барлығы тексерістен өткен. Бұл сыныптың балаларына өзге оқушылармен араласуға уақытша тыйым салынған, деп жазады qazaqstan.tv.

Қоңырау уақыттары да бөлек. Бұл шаралар 5-інші қазанға дейін жалғасады. Соңғы мәлімет бойынша, облыс аумағында 400-ге тарта адамнан індет анықталған.

"Тек бір сыныпта сабақ өтеді. Барлық жағдай жасалған. Желдету, кварц қосу, сол кабинетте әртүрлі жұмыстар жүргізіледі." Ардақ Сүлейменова, мектеп директорының міндетін атқарушы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: