Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 09:48 Сурет: pexels
Қазгидромет 29 қыркүйек, жұма күні Қазақстанда аяз, жоғары өрт қаупі және тұман болжанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атыраудың шығысында және Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанды.

Қарағанды ​​облысының шығысында таңертең және күндіз найзағай болмақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі бар. Түнде және таңертең облыс орталығында тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз болады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысын түнде және таңертең тұман басады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай болжанды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аймақтарында жел екпіні 15-20 м/с болады. Аймақтың басым бөлігінде аса жоғары өрт қаупі бар.

Шымкент, Түркістан қалаларында өте жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман түседі.

29 қыркүйек - 1 қазанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер жұма күні ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: