Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай қаласының тұрғындары тойда пышақтасты

Қостанай қаласының тұрғындары тойда пышақтасты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 12:55 Сурет: pixabay
Полицейлер үйлену тойында пышақтасқан Қостанайдың алты тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қазанға қараған түні полицияға Қостанай мейрамханаларының бірінің маңында төбелес болғаны туралы ақпарат түскен. Үйлену тойы кезінде мерекеге келген қонақтар арасында жанжал шығып, оның арты қару қолдану арқылы төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер төбелесті бөліп, 6 тұрғынды ұстады. Ұсталғандардың бірі 56 жастағы ер адам ұрыс қызып тұрған кезде тойға келген 27 жастағы жігітті пышақтап кеткенін мойындады. Пышақ жарақатын алған жас жігіт ауруханаға жеткізілді.


"Полиция дереу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша екі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеп-тексеруге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Қостанай облысы ІІД басшылығымен бақылауға алынды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қыркүйек айының соңында Қарағандыдағы колледждердің бірінде пышақтау болды – студенттер арасындағы жанжал төбелеске ұласты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: