Қарағандыда әлеуметтік орталықта жаппай уланған балалар ауруханадан шықты

Қарағандыда әлеуметтік орталықта жаппай уланған балалар ауруханадан шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 10:19 Сурет: pixabay
Қарағандыда балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған жасөспірімдердің соңғы екеуі ауруханадан шықты.

Олардың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Дегенмен дәрігердің бақылауында болады.Осылайша жаппай уланған 14 баланың 12-сі аман-есен орталыққа қайтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі таңда мекемеге қатысты комиссия тексерісі аяқталды. Санитарлық-эпидемиолог мамандар бірнеше олқылықтарды анықтаған.

Мәселен мұндағы асханадан жәндіктерді тапқан. Бұған қоса ауыз су жуынатын бөлмеде тұрған. Бұл гигиеналық талапқа қайшы,-дейді мамандар.

Еске салсақ , 30-ы шілде күні Қарағандыдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 бала белгісіз себеппен уланып, салдарынан 2-уі көз жұмған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: