Жаңалықтар тізбегі
0

PIN-UP Global серіктестерге, кәсібилер мен клиенттерге арналған

PIN-UP Global серіктестерге, кәсібилер мен клиенттерге арналған, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 15:15 Сурет: PIN-UP
PIN-UP брендінің тарихы 2016 жылы басталды. Бренд өзінің қызметі мен шешімдер кешенін біртіндеп дамыта отырып, PIN-UP Global деп аталатын үлкен экожүйенің ауқымын кеңейтті. Бұл компанияны айтарлықтай өсірген техникалық қиындықтар мен эксперименттерге толы саяхат болды.

Бүгінде PIN-UP Global алты елде бар (Украина, Кипр, Польша, Қазақстан, Армения, Перу). Экожүйеде 2200-ден астам адам қызмет етеді. Бұл дегеніміз – 20-дан астам ұлт өкілдері.

"Үлкен операциялық мәселелерді шешу үшін біз экожүйені жеті сегментке және көп микросервиске бөлдік. Осылайша, PIN-UP Global-дың гемблинг өнімдерінің сапасын жақсартатын түрлі бағдарламалық құралдары пайда болды. Тиісінше, экожүйенің бір бөлігі бола отырып, операторлар барлық ықтимал әзірлеме мен қызметтерге - алаяқтықпен күресудің және барлық процесті автоматтандырудың бірегей құралынан бастап, серіктестерімізге жаңа нарыққа шыққанда үлкен шығынға батпауға мүмкіндік беретін маркетингтік стратегияға дейін қол жеткізе алады". Марина Ильина, PIN-UP брендінің иесі және PIN-UP Global бас директоры.

PIN-UP Global – түрлі ойын-сауық өнімдерінің өмірлік цикліне қатысатын тәуелсіз компаниялардың халықаралық экожүйесі. Оны түрлі бағытқа бөлінген желі ретінде елестетіп көріңіз. Олардың әрқайсысының өзіне тән бірегей профилі бар.

PIN-UP.TECH iGaming индустриясына бағдарламалық жасақтаманы әзірлейді. Сонымен қатар экожүйедегі компанияларға инфрақұрылым жағынан қолдау көрсетеді.

PIN-UP.BUSINESS аутсорсингке және бизнес-процестерді тиімді орындауға бағытталған.

PIN-UP.CRM экожүйенің барлық клиентіне қызмет көрсету мен маркетингті жоғары сапалы деңгейде жасайды.

PIN-UP.TRAFFIC халықаралық нарықтағы тұтынушыларға өнім мен қызмет үшін сенімді, пайдалы трафикті қамтамасыз етеді.

PIN-UP.PLAY-де қажет лицензия/рұқсаттарды алған және өз елінде PIN-UP брендімен жұмыс істеуге бел буған тәуелсіз компаниялар ұсынылған. Жақсы мысал ретінде Қазақстанда лицензиясы бар PIN-UP.KZ букмекерлік кеңсесін айта аламыз.

PIN-UP.CARE әлеуметтік жауапкершілік принциптерін жариялайтын коммерциялық емес ұйымдармен жұмыс істейді. Бұған Марина Ильина негізін қалаған PIN-UP Foundation қайырымдылық қоры кіреді.

PIN-UP.TEAM экожүйе мамандарына қамқорлық жасауға бағытталған. Экожүйенің барлық саласының ортақ мақсаты – тұрақты табысқа қол жеткізу, үнемі даму және экожүйені тиімді масштабтау.

Біздің мақсатымыз – өз серіктестерімізге үнемі өзгеріп отыратын, динамикалы құмар ойын индустриясында табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар нарықты терең білуге және кейінгі технологияларға сүйене отырып, экожүйені дамытуға тырысамыз. Осы салада көшбасшы болып қала беруді көздейміз".Марина Ильина.

Біраз компанияда онлайн және офлайн маркетинг, серіктестік пен SEO-ны алға жылжыту, бағдарламалы жасақтаманы әзірлеу, финтех, тұтынушыларға қызмет көрсету, заң қызметі және тағы басқа жұмыстар қамтылған.

PIN-UP Global құрылымында дәстүрлі тікелей басқару жоқ. Барлық процес экожүйенің кейбір қатысушыларының қажеттігін басқалардың тәжірибесі мен өнімі арқылы қанағаттандыруға болатындай ұйымдастырылған. Осылайша, өзара сенім мен құрметтің арқасында экожүйе компаниялары мақсатына үнемі жетеді және экожүйенің жалпы нәтижесіне бағдарланады.

PIN-UP Global серіктестерге, кәсібилер мен клиенттерге арналған, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 15:15

Сурет: PIN-UP

PIN-UP Global экожүйесінің қызметкерлермен, серіктестермен және тұтынушылармен қалай қарым-қатынас орнататынын көрсететін құндылықтары бар.

Көшбасшылықта бірінші бол

Үнемі алға жылжу. Компания үшін тұтынушылар мен қызметкерлерге ең жақсы шешімдерді ұсыну маңызды.

Өз салаңның маманы бол

Топтың тәжірибесінің арқасында экожүйе сапалы өнім береді. PIN-UP Global қызметкерлерінің кәсібилігі экожүйемен бірге тұрақты дамуға, саланы терең түсінуге және олардың функционалдық саласындағы құзыретке негізделген.

Ымыра - сенімге негізделген қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөлігі. Әр қызметкердің қосқан үлесі, өзара қолдау және келіссөздер жүргізу қабілеті – бәрі қосылып компанияның жалпы нәтижесін құрайды.

Нәтижеге ден қой

Бұл дегеніміз - жеке, корпоративтік және клиенттің нәтижесіне бағыт алу. Экожүйенің барлық қатысушысы жоғары жылдамдық, табандылық және мақсатсүйгіштік арқылы өз дегеніне жетеді.

Қарым-қатынаста ашық әрі әділ бол

Клиенттермен және қызметкерлермен қарым-қатынастағы ашықтық. Байланыста тік және адал болу экожүйе үшін маңызды. Сондықтан жұмыс процесі ашық әрі қарапайым етіп ұйымдастырылады.

Экожүйенің қарқынды дамуы және оның құрылымының қалыптасуы үшін кәсіби мамандарды іздестіру - басты міндеттердің бірі.

"Біздің әріптесіміз – жоғары жүктемелі жүйеде жұмыс істеуді білетін белсенді маман. Ол жылдам, командамен жұмыс істей алады, нәтижеге бағытталған, икемді, турашыл. Ол үшін тұрақты маман ретінде өсу және практикалық тәжірибесін жүзеге асыру мүмкіндігі маңызды. Ол өзінің соңғы тұтынушысының кім екенін және оның бизнеске қалай әсер ететінін түсінеді. Біз үшін әр маман экожүйенің және оның әр құрамдас бөлігінің қалай жұмыс істейтінін, бір команда еңбегінің нәтижесі басқаларға қалай әсер ететінін білгені маңызды".Оксана Измайлова, HRD PIN-UP Global.

Экожүйе кәсіби өсу мүмкіндіктерін ұсынады. Мұнда әр қызметкер өзінің әлеуетін көрсете алады. Нәтижелі еңбек ету үшін барлық жағдай жасалған – мұнда өнімділік пен жұмысқа шығармашылық көзқарасты арттыратын заманауи кеңселер, жаңа технологиялар мен инфрақұрылым бар. Оксана Измайлованың айтуынша, сонымен бірге PIN-UP Global-дың аумақтық шекарасы жоқ. Сіз әлемнің кез келген нүктесінен команданың бір бөлігі бола аласыз.

PIN-UP Global серіктестерге, кәсібилер мен клиенттерге арналған, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 15:15

Сурет: PIN-UP

"Біздің әлеуетті әріптесіміз PIN-UP Global компаниясымен ынтымақтаса отырып, нарықтың үздік сарапшыларынан құралған кәсіби командада жұмыс істеудің бірегей тәжірибесін алады. Біз әріптестеріміздің өнімімізді одан да жақсы және бәсекеге қабілетті етуге көмектесетін өзгерістерге ұмтылуын қолдаймыз".Оксана Измайлова.

Экожүйенің барлық сегменті мансап бойынша өсуге ешқандай шек жоқ ортаны құрды. Демек әр маман әсерлі нәтижеге қол жеткізе алады. PIN-UP Global әрдайым болашаққа қарай қадам басады және қиындықтардан қорықпайды. Ол өз адамдарын дамытып, командасын әрдайым мақтан тұтады.

Ал PIN-UP Global - адамдарға қамқорлық жасау. Ол еңбекке қолайлы жағдай жасаудан ғана емес, бос уақытында түрлі белсенді іс-шараларды ұйымдастырудан да көрінеді.

PIN-UP Global командасы қарқынды дамып келеді. Экожүйеде ашық бос орындар әрдайым болады. Оны ресми сайттан көре аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: